Нодяров Атилхан Султанмуратович 2013 жылы сол ауылдың орта мектебін бітірді және сол жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетіне "Физика және астрономия"мамандығы бойынша оқуға түсті. 2017 жылы Шыңжаң астрономиялық обсерваториясында, Қытай Ғылым академиясында оптикалық Астрофизика курсы бойынша тағылымдамадан өтті. 2017 жылы осы университетті бітіріп бакалавриат дәрижесін алды. Университетті бітіргеннен кейін сол жылы ҚазҰУ-ға "Физика және астрономия"мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2018 жылы Париж обсерваториясында бақылау астрономиясы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. 2019 жылы жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2019 жылы "Физика және астрономия"мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің PhD докторантурасына түсті. Оқу барысында көптеген халықаралық конференцияларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты. Қазір олар "B[e] құбылысы бар FS CMA типті жұлдыздар" тақырыбымен жұмыс істеуде. Жеке қасиеттері: Жауапкершілік, орындаушылық, командада жұмыс істей білу, ұқыптылық, жұмыстағы тиімділікке бағдарлану, нәтижелілік, оңай үйрену қабілеті. Компьютерлік құралдарды еркін меңгерген.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
3
құжаттар
2